Павлодарлық тыңдарман Қайрат Нұртастың концертіне барғаны үш
Қайрат Нұртас бірнеше қаланы аралап, концерт беруді жоспарлаған болатын. Тіпті Қостанай қаласында өткізілетін концертінің жарнамасы үшін ұятқа қалған-ды. Алайда бұл тыңдармандарының наразылығының жанын да түкке тұрмайтын қателік екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
4 наурыз күні Павлодарда өткен “Үміт үзбеймін” концертінің көңілден шықпағаны туралы Фарида Ақжанова есімді ару айтып берді. Сөзіне сенсек концерт кеш басталып, еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін аяғынан тік тұрып күтуге мәжбүр болған. Арасында Қайраттың орнына бейтаныс әнші қыздар мен әкесі өлең айтқан кездер болған.
“Достар! Бүгін, 4 наурыз күні Павлодарда Қайрат Нұртастың жеке концерті өтті, әрине мұны концерт деп атай алсақ. Концерт бір сағат кеш басталғанымен қоймай, қариялар мен балалар, адамдар дәлізде күтіп тұрды. Ол бар болғаны 5-6 өлең айтты, бар уақытын киім ауыстыруға жұмсады. Бұл уақытта неге екені белгісіз әкесі 4 ән айтты”, – деп әкесін немесе бейтаныс бойжеткендерді емес, Қайрат Нұртасты ғана тыңдау үшін келгенін жеткізді.
Ары қарай “Менің қатты көңілім қалды. Енді ешқашан концертіне аяқ баспаймын. Жұмысы сондай сапасыз болып, кәсібилігін көрсете алмады, бұл жиналған қауым мен тыңдармандарына деген құрметсіздік. Шынымды айтсам, ақшам желге ұшты деп өмірімде бірінші рет өкініп отырмын. ҚР әртісінің өнерінен ерекше сезімге бөленіп, ләззат ала алмадым. Ал ол депутат болғысы келіп жүр” деп әншінің аталған концертке еш дайындықсыз келгенін, 6500 теңгесінің құры кеткенін жеткізді.
Әншінің бұл әрекеті расымен тыңдармандарына деген құрметсіздік пе, әлде басқа себебі бар ма белгісіз.