8 Наурыз мерекесі соғыс кезінде қалай тойланды

Көктемнің басты мерекесі - 8 Наурыздың тойланып келе жатқанына жүз жылдан асты. Tengrinews.kz тілшісі осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагерінен майданда әйелдер күнінің қалай атап өтілгенін сұрап білді.
Ардагер Тамара Максимова 8 Наурызды алғаш рет 30 жасында тойлаған. "Мен майданда госпитальда болдым. Бізге жарақат алғандар толассыз келіп жататын. Мереке туралы мүлде ойламадық. Ең алғаш бұл мерекені 1955 жылы қарсы алдым. Ол кезде алғаш рет кір жуатын машина алған едік. Маған көршілерім 8 Наурыз екенін айтып, неліктен кір жуып жатқанымды сұрады. Ал менің "Мен емес, машина ғой жуып жатқан", - деп жауап бергенім есімде", - деді ол.



Соғыс басталған кезде Тамара 17 жаста болған. Басқа балалар сияқты ол да мектептен кейін әскери коммисариатқа жазылуға асыққан. "Біз өте патриот болдық. Түрлі себеппен іріктеуден өтпегендер үшін бұл үлкен қайғы болатын", - деді ардагер.

Ол әскери ауруханада алғашында тіркеуші болып жұмыс істеген, кейін мейірбикелікке ауысқанын айтты. "Майдандағы әрбір адам хат күтетін. Егер оған хат келсе, өзін біреудің күтіп отырғанын біліп, үйіне оралуға тырысатын. Мен майданда өз күйеуіме де көмек көрсеттім. Ол екеуміздің хатымыз 1946 жылы үйлеу тойымен аяқталды".



Қазір 8 Наурызда Тамара Александровна көптеген құттықтау алады. "Соғыстан кейінгі жылдары біз 8 Наурызды тойлап, қонақ күтетінбіз. Біз дастархан жаямыз, ер адамдар гүл әкеледі", - деді ол.