Су — адам өлімінің себепшісі
Су — сутек пен оттектің қарапайым химиялық қосылысы. Әрине, адамдың пікірі су жайында әрдайым оңтайлы. Сусыз адам 2-3 күн тіршілік ете алады. Ауыз су — тіршілік көзі, ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ын су құрайды. Бірақ, біз бұл жолы судың тек жақсы қасиеттері бар деген ойды бұзамыз.
Су — бүкіл тіршілік ететін ағзаларға тек пайдасын әкелмей, бізді ең таңғалдырғаны, өлімді де шақыртады екен. Сіз қалай деп ойлайсыз, судың кесері адамның тіршілігін қалай тоқтата алады?
Қазіргі ХХІ ғасырда мөлдір, таза су айдындары өте сирек кездеседі. Сондықтан адам ластанған, бактерияларға толы көлдерде, өзендерде суға түсуге мәжбүр. Сол бактериялардың мысалы — сальмонелла кокктары, тырысқақтың вибрионы және т.б. Олар мына ауруларды шақыртады: сальмонеллиоз, тырысқақ, азық тізбегі аурулары сияқты қауіпті, жұқпалы аурулардың себепшісі болып саналады. Егер адам ауруларды өз уақытында емдемесе, қынжыларлықтай нәтижелерге кезігеді. Осы аурулардың алдын алу жолдары:
Әр маусым айында судың беткі қабаттарындағы тырысқақ вибриондарына зерттеулер жүргізіледі;
Суаттардың қасында емдеу — алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің құрылымы.
«Су тілсіз жау» дегендей, таза судың өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасында әр жыл сайын адамдардың суға кетіп қалудың саны шамамен 1000 адамға астам. Құтқару қызметкерлері өз борышын жақсы атқарады, бірақ өкінішке орай, барлық адамдарды сақтап алу әрине мүмкін емес, осы ғамкүн сандар соған дәлел.
Сонымен, «Жылтырағанның бәрі — алтын емес», судың да жағымсыз жақтары бар. Суды мұқият қолдану керек.
Дайындаған: Ғилаж Бибарыс, Хайдаров Әлтайыр