Қазақ халқының тыйым сөздері
Дастарханды, тағамды баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тағамды теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үйді айнала жүгірме.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, табалдырыққа отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
Итке ожаумен ас құйма.
Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма.
Бетіңді баспа.
Бос бесікті тербетпе.
Тізеңді құшақтама.
Өтірік жылама.
Жұлдызды, адамды санама.
Сыпырғышты тік қойма.
Қолыңды қусырма.
Адамға пышақ, мылтық кезеңбе.
Құранды, тағамды баспа.
Жақын адамға пышақ сыйлама.
Тұзды, күлді баспа.
Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.