Италия салаты
Қажетті азық-түлік: екі банкі қалбырланған немесе алдын-ала пісірілген үрмебұршақ, 2-3 дана қызыл пияз, рукола, 1-2 түйір сарымсақ, 2-3 ас қасық зәйтүн майы, 1 лимон шырыны, 100г сүзбе ірімшігі, тұз бен бұрыш дәміне қарай.
Әзірленуі: үрмебұршақты ыдысқа салып, ұсақтап туралған пиязды, қолмен жұлып ұсақталған руколаны, езілген сарымсақты, сүзбе ірімшігін қосамыз. Үстіне лимон шырынын, зәйтүн майын құйып, бәрін араластырамыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосамыз. Салаттың құрамындағы заттар бір-біріне сіңу үшін аздап қоя тұрамыз да әдемі ыдысқа салып, дастарқанға ұсынамыз.