"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу " жыры туралы керемет пікірлер

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақ əдебиетінің зор мұрасының бірі. ...Дастанның суреттілік қасиеті - оның жалғыз тілінде емес, ...идеясында, Адам образдарында, оқиғасының қызық, шебер, аянышты болып суреттелуінде.

Мұхтар Əуезов

"Қозы Көрпеш - Баян" - біздің түркі баласының сүйген ертегісі. Норманға "Фауст" қандай болса, түркі баласына "Қозы Көрпеш - Баян" сондай. "Қозы Көрпеш - Баян" - көп мағыналы, түркі жұртын сипаттайтын əдебиет қорының таңдамасы.

Əлихан Бөкейханұлы

Мен Аягөзді өте жақсы көремін жəне оған тамсанамын. ...Алтын айдар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың бір - біріне деген махаббаты жайлы поэтикалық аңыз, осы өзенде өткен оқиға - мұның маңызы зор себебі...

Шоқан Уәлиханов

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры - қазақ эпосының шоқтығы. Оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны дəл қазақтардай ғажайып жырға айналдыра алған жоқ. ...Бұл жыр - дүниежүзіндегі ең қымбат əдебиет мұраларына жататын шығарма.

Григорий Потанин

Қозыке өлген жерінде Баян да өлген, Əркімнің сондай болсын алған жары.

Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы