Қазақша ай атауларының сыры #2
Шілде — жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шілдә) "қырық" деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілденің күннің ұзақтығы қысқара бастайды.
Тамыз — жаздың соңғы айы. "Күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтың шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы құбылыстарға байланысты бұл айды кейде сарша-тамыз деп қосарлап айтады. Яғни "сарша" сөзінің арғы тегі — "сары шақ", ежелгі түркі сөзі.
Мерекелі күндер:
13 тамыз — Спорт күні.
30 тамыз — ҚР Конституция күні.
Қыркүйек — күздің алғашқы айы. Осы айда қозы мен ешкінің төлдеу уақытын көктем айына келтіру үшін қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. Сол себепті "қыр", "күйек" сөздерін біріктіріп, айды қыркүйек атаған.
Мерекелі күндер:
1 қыркүйек — Білім күні.
22 қыркүйек — Тіл мерекесі.
Қазан — күздің екінші айы. Парсы тілінде "күз" дегенді білдіреді. Бұл айда егін, жеміс-жидек жиналып, қазан болады. Жерде қалғанын суық соғып, үсік шалады. "Қазан соғу" деген осы мағынаны білдіреді.
Мерекелі күн:
25 қазан — Республика күні.
Қараша — күздің соңғы айы. Жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. Ай атының "қараша" деп аталуы да осыны мегзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны халық "қарашаның қары" деп атайды.
Мерекелі күн:
15 қараша — Ұлттық ақша — теңге күні.
Желтоқсан — қыстың алғашқы айы. "Жел" және "тоқсан" деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда үш ай болатыны көпке белгілі. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады.
Мерекелі күн:
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.