Әнді «Музарттан» кем орындамайтын тракторшы ғаламторда жұлды
Ғаламторда ауыл азаматының дастархан басында Гаухар Әлімбекованың «Бір тамшы көздің жасындай» әнін нақышына келтіріп орындағаны жазылған видео жарияланды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Видеоны Youtube-тағы «Арғымақ» арнасына жариялаған ақын Мейрбек Сұлтанхан:
"Нағыз таланттар ауылда жүр деген осы ғой. Кеше жолым түсіп Жаңақорған ауданы, Түгіскен деген ауылға барып едім. Ауылда қарапайым тракторшы болып жүрген Асылжан деген ағамыз екен бұл. 9 скоросы бар Беларусь айдайтын Асекең алты шекті де азынатып тұр. Алматыда құрылыста жұмыс істеп жүрген кезінде Республика Сарайында өткен "Наурыз Думан" атты концертте өнер де көрсеткен екен. Өнер жолын түбегейлі қумаса да, қара жұмыстан қолы босағанда гитарасын жаны сүйіп шертетін Асылжанды тыңдап көріңіздер", - деп видеомен желіде бөліскен.