Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер
* Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз.
* Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз.
* Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.
* Кітапты көп оқыңыз.
* Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз.
* Армандаңыз.
* Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ, табиғи өнімдерді көбірек жеңіз.
* Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға жұмсамаңыз.
* Күніне кем дегенде үш адамға күлкі сыйлаңыз.
* Өткенді ұмытыңыз. Ескі жанжалдарды туыстарыңыздың есіне салмаңыз. Бұл бүгінгі бақытыңызға кедергі.
* Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмір – мектеп. Біз өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды бола түсу үшін келдік.
* Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.
* Өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Жақсы көретін адамдарыңызды да басқалармен салыстырмаңыз. Сіздің бақытыңызды сізден артық ешкім ойламайды.
* Кешірімді болыңыз. Басқа кісілердің сіз туралы не ойлайтынын білу маңызды емес.
* Егер ауырып қалсаңыз, жұмысыңыз сізді бағып-қақпайды. Сондықтан денсаулықты күтіңіз.
* Пайдасы жоқ, ұсқынсыз, қуаныш сыйламайтын нәрселердің бәрінен арылыңыз.
* Қызғану - уақытты босқа өткізу.
* Болашақ жарқын деп сеніңіз.
* Туыстарыңызға жиі хабарласып тұрыңыз.
* Кез-келген нәрседе асыра сілтеп, артық кетуден сақтаныңыз.