Балаларға зиян 5 сусын
1. Сүтті коктейль. Балаларға арналған ең зиянды сусын сүтті коктейль болып табылады. Ағзаға қаупі жөнінен сүтті коктейльдер газдалған сусындардан асып түседі екен. Мамандардың мәліметінше, сүт коктейльдерінің құрамындағы қант пен май көлемі адам тұтынатын тәуліктік қалыптан әлдеқайда көп. Оның үстіне, қазіргі жастар оны гамбургерлермен, фри картобымен бірге ішіп, ағзаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр. Ғалымдар 100-ге тарта орта мектеп оқушыларына шоколад қосылған сүтті коктейль ішкізіп, зерттеп көрді. Нәтижесінде мамандар бұндай сусындар адамға есірткілік заттар секілді әсер етеді деген тұжырымға келген.
2. Газдалған сусын. Газдалған сусынның құрамында қанттың шектен тыс мөлшері және химиялық заттар (бояғыш заттар, консерванттар, т.б.) бар. Газдалған сусындар адам ағзасына әртүрлі әсер береді.
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар болады. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минаралды су пайдалнғаны жөн.
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюына және тісжегіге жол ашады. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс кіреукесін әлсіретеді. Сондай-ақ тіс ауруларының тууына ықпал етеді.
3. Шырындар. Дүкенде сатылатын дайын шырындардың құрамында көмірсулар өте көп. Бұл асқазан-ішек жолдары ауруларына жағдай туындатады. Артынша ішек шырышты қабатының қабынуына әкеліп соғады. Балаларға күніне бір құты шырын жеткілікті.
4. Кофе. Кофенің балаға қауіптілігі – ол жүйке жүйесінің қалыпты дамуын бұзады. Сол себепті жас баланың мінез-құлқы тез өзгеріп, эмоцияға берілгіш болып кетеді. Кофе жүрекке салмақ түсіреді.
5. Шәй. Шәй пайдалы сусындарға жатады, алайда оны шамадан тыс ішсеңіз, ағзаға қажетті калий, натрий және кальций секіді заттардың қас жауы. Егер оны тым көп ішсеңіз, аталған заттар несеп жолы арқылы сыртқа шығып кетеді. Бұл үлкендердің де, жас балалардың да сүйектерінің зақымдануына әкеп соқтырады. Бұл дертті остеопороз деп атайды.