Әлемнің үздік психологтарының пікірлері
Әрқашан мейірімді болып көрінетін өте ұстамды, момын адам өз агрессиясын сыртқа шығарғанда бұл орасан күшті жарылысқа ұқсауы мүмкін. Адам өз агрессиясын қалыпты жолмен сыртқа шығара алмағанда зорлық-зомбылық туады.
Ролло Мэй
Мәжбүрлеу, мойынсұну, басыну және басып-жаншу – отбасыда болатын махаббат, аяу, өзара сенім секілді кәдуілгі ұғымдар.
Стивен Фрай
Біз алдымен бір-бірімізді біріктіретін нәрселерге емес, айырмашылықтарымызға көңіл бөлеміз. Бұл дегеніңіз бір-бірімізді жек көруге және жоюға мүмкіндік туғызады.
Фредерик Перлз
Әр адамның бойында жақсылық пен амандық қатар өмір сүреді. Сондықтан моральдық тұрғыдан ешкімге мұрын шүйіре қарауға құқымыз жоқ. Ешкім де адами тұрғыдан тәкаппарлыққа жол бермеуі тиіс. Бұл біздің өзгелерге кешіріммен қарауымызға жол ашады.
Ролло Мэй
Егер бетпердені ұзақ киіп жүрсеңіз, ол біржола сіздің бетіңізге айналады.
Стивен Фрай
Өмірлік жағдай нақты іс-әрекеттен емес, адам ойының сипатына қарай да қалыптасады. Егер сіз әлемге жау ретінде қарасаңыз, ол да сізге дәл солай жауап береді. Егер үнемі бір нәрсеге көңіліңіз толмаса, қапаландыратын жағдайлар көбейген үстіне көбейе бермек. Өмірге теріс көзқараспен қарайтын болсаңыз, онда әлем де сізге сырт қарайды. Керісінше, барлығына жақсы көңілмен, жылы шыраймен қарау өміріңізді жақсарта түспек. Адам өі таңдаған нәрсені алады. Сізге ұнасын-ұнамасын, шындық - осы.
В. Зеланд