Ет қосылған бәліш
Ет қосылған бәлішті дайындау үшін:
- 250 грамм ұн;
- 3 ас қасық қаймақ;
- 4 дана жұмыртқа;
- 100 грамм ірімшік;
- 1/2 шай қасық сода;
- тұз татымына қарай;
- сіркесу және лимон шырыны қажет.
Әзірленуі:
Алдымен жұмыртқаларды аздап көпіршіте араластырып, үстіне үгіткіштен өткізілген ірімшікті, електен өткізілген ұнды, қаймақ пен майонезді, сіркесу не лимон шырыны тамызылған соданы қосып, қамыр илеп қоямыз.
Пиязды турап, майы бар қызған табада қуырып аламыз. Саңырауқұлақты турап, пиязға қосамыз. Бұған еттартқыштан өткізілген етті қосып, тағы 7 минуттай қуырамыз. Қаасаңыз, дәмдеуіш қосыңыз. Пешті қыздырып, пішінге май жығып, қамырды саламыз. Үстіне әзірленген ет қоспасын саламыз да үстіне қалған қамырды саламыз. 190-200 градусқа дейін қыздырылған пеште шамамен 30 минут пісіреміз.