Француздар неге ұзақ өмір сүреді?

Француздар ішімдікті жақсы ішеді, майлы тағам жейді, соған қарамастан орта есеппен 82 жыл өмір сүреді дейді ғалымдар. Оның үстіне көршіллес британдықтармен салыстырғанда оларда жүрек-қан тамыр сырқаттары екі есе сирек. Бұл ұлт өкілдері арасында ұзақ өмір сүрушілердің көптігі «француз пародоксы» деп атаып жүр және бұның себебі олардың қызыл шарапты көп ішуінде жатыр деген пікір қалыптасқан.

Шарап – бұл құбылыстың бір ғана себебі дейді Аарус университетінің зерттеушілері. Олар әртүрлі сүт өнімдерін тұтынған еріктілердің несеп және нәжіс үлгілерін салыстырды. Тәжірибеге қатысқандардың үштен бір бөлігі 14 күн бойы тұрақты түрде сыр жеді, тағы бір үштен бір бөлігі сүт ішті, қалғандары сары май жеді. Сыр мен сары майда қаныққан майлар көп, ал олар зиянды саналады.

Сыр жеген адамдардың талдауларынан ғалымдар біраз май қышқылын тапты. Бұл зат ішек микрофлорасына әсер етеді, астың жақсы қорытылып, сіңуіне ықпал етеді, сондай-ақ қандағы холестиринді азайтады. Қаған қатысушыларда бұл қышқыл аз болып шықты.

Қатардағы француз жылына әртүрлі сұрыптағы 24 кг сыр жейді.