Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызмет жолы
- 1944 -
15 қаңтар – Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген.
- 1962 -
Кеген акылында мектепті бітіріп Қазақ политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетіне оқуға түсті.
- 1967 -
Институтты қызыл дипломмен бітіріп, жолдамамен Алматы қаласында қалдырылды.Құрылыста қызмет жолын қатардағы шеберден бастап, СМУ бастығы қызметіне дейін көтерілді.
- 1973 -
Алматы облыстық партия комитетінің құрылыс бөліміне нұсқаушылық қызметке қабылданды. Сосын Алматы қалалық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі болады.
- 70-жылдардың екінші жартысы -
Алматы қалалық кеңесі төрағасының құрылыс жөніндегі орынбасары.
- 80-жылдардың басы-
«Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы.
- 1985 -
Қараша айында Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалығына сайланды.
- 1990 -
Алматы қаласының басшысы ретінде ХІІ шақырылған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.
- 1991 -
Алматы қалалық Кеңесінің төрағасы, бір мезгілде Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы.
- 1992 -
Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы.
- 1994 -
20 маусымда Алматы қаласы әкімінің қызметінен босатылды.
- 1995 -
Желтоқсан айында ҚР Парламентінің депутаттығына сайланды.
- 1997 -
Алматы облысының қызметіне тағайындалды.
- 2001 -
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағалығына тағайындалды.
- 2004 -
11 наурызда сенсациялық баспасөз-мәслихатын өткізіп, қызметінен кетті.
- 2005 -
12 қарашада үш жерінен оқ тиген Заманбек Нұрқаділовтің өлі денесі үйінен табылды.