Махаббат туралы үздік дәйексөздер
Махаббат - өмірді толыққанды ететін, оған мән беретін, бақыт сыйлайтын адами қарым-қатынастағы жалғыз сала. Ол - рухани және тән ләззатының ғажайып үйлесімі.
С. Ильина
Махаббат біздің тіршілігіміздің басы және соңы. Махаббатсыз өмір жоқ. Сондықтан дана адамның бас иетіні - махаббат.
Конфуций
Әлемде махаббаттан зор күш жоқ.
И. Стравинский
Махаббат бағасы жоқ сыйлық. Ол - өзгеге сыйлай алсақ та өзімізде қалатын жалғыз дүние.
Л. Толстой
Өміріміздің соңында мәні болатын жалғыз нәрсе - біздің қаншалықты қатты сүйгеніміз, махаббатымыздың сапасының қандай болғандығы.
Ричард Бах
Махаббат әлемге нұр себетін жарық. Махаббат сәулесі болмаса, дүние жүзі - нәрсіз құмға, ал адам бір уыс шаңға айналар еді.
М. Брэддон