Мекке мен Мәдинада қар жауды
Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында қар жауды. Ерекше құбылыстың куәсі болған Әкбар қажы Ысмайылов мұны өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына жариялады, - деп хабарлайды BNews.kz.
«Мекке мен Мәдинаның жол ортасында қар жауып тұр. Жаңа ғана түсірілді», – деп жазыпты қазақстандық азамат.
Жерлесіміздің айтуынша, ақ ұлпа қар қасиетті жерге 13 қаңтар күні жауған. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Меккеге алғаш қар 2015 жылдың ақпан айында түскен екен. Көпшілік ерекше құбылысты ақырзаманның белгісі десе, енді бірі климаттың өзгеріп, экологияның құрығанының кесірі деп жатыр.