Ашуланшақ әйелге арналған 6 кеңес
1. Ашу мен ыза ақымақтықтың белгісі. Сондықтан ашуланған адамға дауыс көтерудің орнына өзіңіз бір мезгіл дамыл табыңыз. Ренжісіп оны да өзіңізді де қинамаңыз. Өткен істі қайта қалпына келтіре алмайтындықтан оның болашақта қайталанбауы үшін әрекет жасаңыз. Ашық әрі әңгіме көмектесуі керек.
2. «Айтылмаған сөзге сен өзің қожасың, ал айтылған сөзге сен өзің құлсың» деп айтқандай, қандай жағдай болмасын, іште бүгіліп, келіп тұрған сөздерді айтпай, сабыр сақтаған жөн. Ашумен айтылған ауыр сөздер, уақыр өтіп, ұмытылып кетеді. Бір сәттік сабырсыздықтан сақтанып, оның сан жылдық салдармен күресудің қажеті жоқ.
3. Сізді қанша жерден ашуландырыр тұрсада, ол адамға ештеңе айтпастан, көзіне тіке қарап, кетіп қалыңыз. Бұл әрекетіңіз оған әсер етпеуі, оны ойландыруы мүмкін. Бұл қадамыңызбен сіз оның қателігін бір сәт сезіндіресіз. Айыпты адамның алдында абыройыңыз арта түседі. Осыны есте сақтаңыз. Барлығы ашумен емес, кешірген адамның кейпімен риясыз көңілмен жасалынуы керек.
4. Ашуланған адамға қарымта қайтармаңыз. Оған сіз ұтыласыз. Мұндайда міз бақпай шыдамдылық танытып, отырыңыз. Өзіңізді қоярға жер таппай, бойыңыздағы теріс әрекетті сыртқа оған шығарып жүрмеңіз. Жаныңызды ондайда жақын адамыңызбен сөйлесіңіз. Сырласып сырыңызды ақтарыңыз.
5. Өзіңізге іштей «тоқта» деп айтып, оны әдетке салыңыз. Өмірде кешірілмейтін күнә мен кінә жоқ. Кімнің қателескені, кімнің қателеспегенін, жасағанын ажыратып айыратын сіз емес. Әркім өзінің амалына қарап, жауап беретіні белгілі.
6. Ашуландырып адамды ренжітіп алғыңыз келмесе, оның телефон қоңырауларына біраз уақытқа дейін жауап бермеңіз. Өзіңізге өзіңіз келудің тағы бір жолы жеке қалып, ән тыңдап, не серуендеу.
Дереккөз: aitaber.kz