Асқабақ қосылған құймақ

Қажетті азық-түлік:
- 400 грамм асқабақ;
- 2 жұмыртқа;
- 0,75 құты ұн;
- 3-4 шай қасық қант;
- тұз;
- өсімдік майы қажет.

Әзірленуі:
Асқабақты ұсақ үккіштен өткіземіз де қатты қызған қысқа толқынды пешке 5 минутқа салып аламыз. Жұмыртқаны жарып, айран қосып, көпіршіте араластырып, 3-4 шай қасық қант пен тұз қосамыз. Осының үстіне ұн салып, миксермен жақсылап араластырамыз. Қамырдың түйіршіктері болмауы керек. Осы қамырға асқабағымызды қосып, тағы араластырамыз. Қыздырылған табаға май құйып, қамырды қасықпен салып отырып, екі жағын қуырып аламыз.