Маңғыстауда 18 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсап, қайтыс бо
Бейнеу ауылында 18 жастағы бойжеткен өзіне қол салып қайтыс болды деп хабарлайды Tumba.kz-ке сілтеме жасаған sn.kz.
Марқұмды туыстары үй ауласындағы қорада асылып тұрған жрінен тауып алған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болса да сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуғ әлі ерте дейді. Бойжеткеннің денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың бегісі жоқ.
Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның ешкіммен ренжіспегенін, ешқандай оғаш қылық көрсетпегенін айтып отыр.
Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.
Дереккөз: nur.kz