Матрастағы дақтан құтылудың жолы
Кейде матрасымызға қолымыздағы затты төгіп алып, дақты кетіре алмай жатамыз. Әсіресе кішкентай балалары бар үйлерде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал матрастың бағасы бүгінгі таңда өте қымбат тұрады. Сондықтан біз сіздерге матрастағы дақтан ешқандай химиялық қоспасыз құтылудың жолын ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
- 235 мл сутек тотығы;
- 3 ас қасық ас содасы;
- сабын немесе ыдыс-аяқ жуатын құрал керек.
1. Қоспаны алдын ала дайындап, сақтап қоюдың қажеті жоқ. Өйткені ол көп тұрып қалса, дақ кетіргіш қасиетін жоғалтады.
2. Сутек тотығы мен ас содасын бүріккіш бөтелкеге салып араластырып, оған сабын немесе ыдыс аяқ жуатын құралдың бірнеше тамшысын қосыңыз.
3. Дайын болған соң матрастағы даққа мұқият шашуыңыз керек.
4. Шашып болғаннан кейін көпірік кепкенше күтіңіз. Шамамен 5-10 минут жеткілікті.
Матрасыңыздағы дақтан осындай жолмен құтылсаңыз болады. Бұл өте оңай әрі көп уақытыңызды алмайды.