Жоғалып кеткен танымал футболшының мәйіті өзеннен табылды
Францияның «Пари Сен-Жермен» және ағылшындардың «Уиган Атлетик» футбол клубтарының бұрынғы футболшысы 34 жастағы код де ивуарлық Стив Гохуридің мәйіті немістің Крефельд қаласы маңындағы Рейн өзенінен табылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Ол 12 желтоқсан күні өзі өнер көрсеткен соңғы команда – «Штайнбах» неміс клубының өзге ойыншыларымен кездесіп, рождество алдында өткізілген кештен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жоспар бойынша, бұл кештен кейін Гохури Париждегі жанұясына баруы тиіс болған.
Стив Гохуридің отбасы оның бес жасында Кот-д’Ивуардан Парижге көшіп келген.
Соңғы 20 жылда Гохури Швейцария, Израиль, Лихтенштейн, Франция, Англия және Германия клубтарында ойнады.
Сонымен қатар, ол бірнеше рет Кот-д’Ивуардың ұлттық құрамасының құрамына шақырылды.
Дереккөз: nur.kz