Электронды темекіден сақ болыңыз

Бүгінгі таңда электронды темекілер денсаулыққа ешқандай зияны жоқ деп жарнамаланып жүр. Көшеге шығып қарасақ, жасы бар, кәрісі бар, бәрі бір-бір осындай темекіні бұрқыратып жүр. Алайда Гарвардта оның адам өміріне үлкен қауіп төндіретіні дәлелденді. Біз бүгін сіздерге сол туралы айтқымыз келіп отыр.
Зерттеу жұмыстары барысында хош иістелген сұйықтығы бар темекі құрамында 75 % диацетил болатыны анықталды. Ал ол өте қауіпті өкпе ауруына әкеліп соқтырады. Оны кейде «өкпе попкорны» деп те атайды. Өйткені бір кездері попкорн шығаратын зауыттың жұмысшылары жаппай осы электронды темекіден зардап шеккен.

Бұл темекіні көпшілігі кәдімгі темекіні қою үшін алады. Бірақ бұның да адам денсаулығына кері әсерін тигізетін тұстары көп екенін шетел ғалымдары жарыса дәлелдеп жатыр. Құрамында диацетилмен қоса ацетилацетон және 2,4-пентандион сияқты органикалық қосылыстар бар. Сондықтан бұл темекінің зияны жоқ деген жалған ақпарат. Қандай темекіден болса да аулақ болғаныңыз дұрыс. Себебі оны арты жақсылыққа апармайды.