Голливуд жұлдызы украин халық әнін айтты (видео)
Биыл бұл әйгілі әртістің мерейтойы. Ол 40 жасқа толып отыр. Әрдайым сұлу әрі жас көрінетін америкалық Милла Йовавич тоқсаныншы жылдардың басынан бастап жігіттердің жүрегінен ойып тұрып орын алды. Себебі «Көгілдір мүйіске қайта оралу» деген фильмде сомдаған рөлі оны қалың көпшілікке танымал етті.
Болашақ жұлдыз Киевте дәрігердің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Богдан Йовович негізі Черногория елінің тумасы, ал анасы Галина Логинова КСРО-ға кеңінен танымал әртіс. Олар қызын Днепропетровск балабақшасына береді. Милла 5 жасында ата-анасы Лондонға қоныс аударады. Біраз уақыт сонда тұрғасын олар Америка Құрама Штаттарына көшуге бел буады.
Милла модельдік бизнесте 11 жасынан бастап бағын сынап көреді. Дәл сол кезде ол атақты америкалық фотограф Ричард Аведонның көзіне түседі. Араға бір жыл салып, 12 жасында Vogue, Cosmopolitan журналдарының бетінде тұрады. Ал 1994 жылы 18 жасында әйгілі High Times журналының мұқабасынан жарқ етеді. 2004 жылы Йовович әлемдегі ең жоғары төленетін модель болады. Қарапайым украиндық қыздың мұндай жетістікке жетуі ерен еңбегі мен қажыр-қайратының арқасы.
Милланың бойында әншілік өнері де бар. Ол 19 жасында америкалық клубтың сахнасында Украинаның халық әні “Ой у гаю при Дунаю, соловей співає” орындайды. Оны төмендегі видеодан көре аласыздар.