"Қағанат" туралы айтайық!

"Қағанат" жастардың да, кәрілердің де сүйікті асханасына айналды деп ойлаймын. Бірақ неге соңғы кезде тамақтың бағалары аспандап барады? Осы жағы түсініксіз болса да, сол жерден ғана тамақтанамыз. "Қағанат" туралы не айтасыздар?

тамақтары дәмді, алайда ия сәл қымбаттау. Тағы айтқым келіп тұрғаны дәретханасы ақылы. Ұят сияқты маған.
Тағамдары жақсы, сапалы конкуренция болмағасын білгенін істеп отыр ғой.
"Қағанаттың" тазалығы, сервисі ұнайды. Өздерінің күзетшілері бар, кассир қыздар да пысық, тез-тез қимылдайды, екі тілге бірдей жүйрік. Бірақ мәзірлері кейде адамды жалықтырады. Сондықтан мәзірлерін жаңартып тұру керек сияқты.
маған аса ұнай бермейді тамақтары, тек шие компотын ішу үшін ғана кіремін, шыны керек)
сосын осы Қағанаттың ашылуы туралы қызық әңгіме естігенмін, бірақ толық емес. Екі әйел Алтын Ордада бидай көже сатқан ба бірнарсе иа, сосын Қағанат ашқан. Нақты кім біледі?
сосын осы Қағанаттың ашылуы туралы қызық әңгіме естігенмін, бірақ толық емес. Екі әйел Алтын Ордада бидай көже сатқан ба бірнарсе иа, сосын Қағанат ашқан. Нақты кім біледі?

Мен Роза Рымбаева деп естіген едім... Осы "естідім" деген дүние жаман-ақ
соңғы кезде қатты қымбаттап кетті әрі тағамдары тойымды емес