Қыздар және футбол
Футбол десе елең ететін жігіт атаулы әлем чемпионатын тамашалауда, ал қыздарымыз бұған қарай қарайды екен? Әдетте өздерінің футболдан кейінгі орынға шығып кететіндерін айтып шағымданатын қыздардың ойын білгім келеді. Жалпы, футбол туралы ойыңыз қандай?
Жалпы жігіттер жағы футболды қатты қарайды, екінші орынға түсіп қалдық деп өкпелеу мүлдем орынсыз, адамның қызығушылықтарын сыйлау керек, ерлердің болмысына сай дүние ғой (бәсеке, жарыс, жеңіске ұмтылыс). Қыздардың да өз кезегінде ештеңеге айырбастамайтын дүкен аралау, салонға бару сияқты қызығушылықтары бар емес пе, және ол тұрақты түрде қайталанады. Ал 4 жылда бір келетін Әлем чемпионатының жанкүйерлерін түсінуге әбден болады.