Батыстың менталитеті қазаққа енгені дұрыс па әлде бұрыс па?
Өз ойларыңыз ...
бұл жерде бір жақты пікір айтуға қарсымын, жақсысы да, жаманы да бар. Тек пайдалысын іріктеп алу керек деп ойлаймын. Санамен әрекет ету керек
Батыс десе ойымызға боевиктерден көретін атыс-шабыс, ашық-шашық жүретін қыздар, дүниеге еш қызықпау сынды дүниелер елестейтін сияқты... Сондықтан, ең алдымен, ол жақты өз көзімізбен көргеніміз жөн. Егер пара болмаса, мәдениеттілік болса, білімді алдыңғы қатарға шығаратындай жағдай, демократия сындылар болса, мен қарсы болмас едім...