Денсаулыққа қатысты қызықты деректер #2
Басы
1. Адам көрген түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады.
2. Күзбен салыстырғанда көктемде тыныс алу жиілігі үштен бір есе жиірек.
3. Адам тәніндегі жылудың 80 пайызы бастан шығады.
4. 4 жасар бала күніне орта есеппен 450 сұрақ қояды.
5. Дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда адамда шөлдеу сезімі пайда болады, бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса — талып қалуы, ал 10 пайыздан асса өліп қалуы мүмкін.
6. Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады.
7. Адам — шалқасынан жатып ұйықтайтын жалғыз тіршілік иесі.
8. Сүйісу кезінде бір адамнан екінші адамға 278 бактерия беріледі. Бір қуанарлығы, олардың 95 пайызы қауіпсіз.
9. 3 айдан асқан соң ұрықта саусақ таңбалары пайда болады.
10. Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан артық.
11. Адамдардың шамамен үштен екі бөлігі сүйіскен кезде бастарын оң жаққа қисайтады.
12. Солақайлармен салыстырғанда оңқайлар 6 жыл ұзақ өмір сүреді.
13. Еркектермен салыстырғанда әйелдердің жүрегі жылдам қағады.