Көркем шығармадағы тартыс
Тартыс ( конфликт лат. Confliktus- қақтығыс) – көркем шығармадағы сюжет желісіне арқау болатын, айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Конфликт драммалық шығармаларда ширақ, шиеленіскен түрде кездеседі. Ондағы характер-кейіпкер мінезі қайшылығы моләрекеттер арқылы ашылып отырады. Горький: «Егер характерлер мықты болса, олардың қақтығыспауы мүмкін емес»,-деген. Көркем шығарма қаһаррмандарының арасындағы қайшылық, тартыс олар-қарым – қатынасынан, іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді.Драмалық жанрда мұның екі түрі де әсіресе анық байқалады. Сахнадағы кейіпкердің іс-әрәкет тартысы болумен бірге, іштей өзіндік психологиялық тартыстар да орын алмақ. Эпикалық прозадағы тартыс көбіне қиыншылығы мол оқиғалардың шиеленісі арқылы беріледі. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы негізгі қайшылық, шығармаға арқау болған күрес-тартыс туралы айта келіп: «Үлкен қоғамдық шындықты –ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығы күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болады» дейді. Міне бұдан байқайтынымыздай адам мен адам тартысы ғана емес, өтіп бара жатқан дәуір мен жаңа заман арасындағы қарама-қайшылық та үлкен шығармалардың арқауына айналмақ. Өмірде ескі мен жаңаның, жақсылық пен жамандықтың күресі бітпек емес. Әртүрлі қайшылық, қарама-қарсылық қақтығыстар өмірде үнемі туып отырады. Сондықтан көркем өнерде бұл жағдай шығармалардың тартыс өзегіне негіз болатын алғы шарт іспетті.