Қаһармандық пафос
Ежелгі эпостарда кездеседі. Ерліктер, тәуекелге бел байлау, өлімді ерлікпен қарсы алу, бір беткейлік осылар қ.п жатады. Гегель қаһармандық дәуірі деп мемлекетке дейінгі, заңға дейінгі уақытты айтады. Оның ойынша пафос әр адамның көкірегінде болуы керек. Адам жанын меңгеретін ортақ жалпы күштер. Пафос (гр.pathos сезім, құмарлық), құлшыныс, құштарлық,қуаттық сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сынын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтауда қалыптасты. Шиллер оны көркем туындының жанрын анықтайтын басты көрсеткіш десе, Лессинг эстетикалық категориялар дәрежесіне көтерді.Гегель пафосты екі түрлі мағынада қарастырды: кейіпкердің қоғамдағы, тұрмыстағы ерекше құлшынысты іс-әрекеті; шығарма авторының жаны, оның болмысқа көзқарасы, ақиқатқа жетудегі құралы. Пафос субъективті объективті, шын және жалған болуы мүмкін. Көркем шығармадағы «негізгі ой», «өзекті идея», «авторлық бояу», «ұлттық реңк» деген ұғымдарды пафоспен тығыз байланыста қарастырған дұрыс.