Түпбейне және кейіпкер
Прототип әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек болатын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы түпкі тұлға. Шығармадағы кейіпкер меноқиға нағыз өмірден алынғанда да, олар қаламгердің өмірлік тәжірибесімен, бұрынғы көрген-білгендерімен ұштасып, оның қиялында туған сезім әсерлерімен сабақтасады. Өйткені өмірден көрген сол кейіпкер мен оқиға жазушының жанына жақын болмаса ой қиялымен, арман мақсатымен жанаспаса ол оларға тіпті мән бермеген болар еді. Сөйтіп әдеби кейіпкердің тұлға-бейнесі , образы нақтылы бір прототипке негізделіп жасалғанымен, әдебиетке, көркем өнерге тән типтендіру, жинақтау принциптеріне сәйкес және жазушының нақтылы шығармасындағы идеялық нысанына орай сомдалып,, өзгеше сипат алады. «Абай жолындағы» Абай образын алсақ, көркем образдың іріленіп, типтік сипатқа ие болатындығын көреміз. Шығарманың кейіпкері әдебиетте бұрыннан белгілі көркем тұлғаға негізделіп суреттелген прототипі бар образ.М. Әуезов эпопеясының әр типінің өмірдегі моделі – прототипі болған.С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан Шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан туды. Бәрінің негізінде прототип жатыр. Прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің, шындықты шынайылаудың құралы секілді. Кейіпкер көркем әдебиетте роман повесть , әңгімеде, драммалық шығармада, поэмада бейнеленетін оқиғаға қатысушы. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін тұлғасын, іс әрекетін, мінезін сол ортаның , дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп көрсетеді. Атап айтатын нәрсе көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат –ерекшеліктер екі бөлек жақтан екі ұдай боп ажырап көрінетін ерекшеліктер емес. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат , белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағына да алады, сол ортадағы басқа да адамдарға тән қасиетті танытады. Кейіпкердің типтік мінезін суреттеу қоғамдық өмірді жан жақты терең зерттеп , білгенде ғана ұтымды болады. Кейіпкердің атқаратын міндеті драммалық шығармада айрықша сипат алады. Өйткені мұнда оқиға бастан аяқ қатысушы кейіпкерлердің айтқан сөздері арқылы баяндалады. Әр кейіпкердің мінез ерекшелігі, ой өрісі, сана сезімі көбіне көп оның айтқан сөздерінен көрінуі тиіс.