Мөлдір Әуелбекова "Кешью" тобының концертіне қатыспайтынын а
Келер жылы продюсер Баян Есентаеваның “Кеш You” тобы сахнада өнер көрсеткеніне 10 жыл толуына орай жеке концертін өткізбек. Топтың алғашқы солистерінің бірі болған Мөлдір Әуелбекова Есентаева тарапынан концертке қатысуға ұсыныс түсіп жатса, оны қабылдамайтынын мәлімдеді.
Бүгінге дейін жеке кешін өткізбеген “Кешью” бойжеткендері алдағы жылдың көктемінде халық алдына жаңа образдарымен шықпақ. Құрамы талай өзгерген музыкалық топ жылдар бойы жинаған тәжірибесін, шыңдаған шығармашылығын көпшілік алдында паш етеді.
“Сәуірде “Кешьюге” 10 жыл толады. Топ ретінде құрылған өз тарихымыз бар, шарықтаған сәттеріміз, қателіктеріміз де жетерлік. Осы уақытқа дейін бірде бір жеке концерт өткізбедік. Енді соның уақыты келгендей. Бағым екеуіміз “Кешьюді” алғаш рет құрғанымызда, қазіргі топ мүшелері 3-сыныпта оқыған екен. Енді көрермендер бұл қыздардың қалай өскенін, сахнада қалай шыңдалғанын концертте байқайды”, – деп жазады Есентаева Instagram парақшасында.
Ал топтың өзге танымал солистері Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Әнел Арынова концертте өнер көрсетсе де, Мөлдір Әуелбекова кешке қатыспайтынын айтып, бұрынғы продюсеріне қатысты сұрақтарға жауап беруден мүлдем бас тартты.
Дереккөз: baistars.kz