Роман дәуірнама
Орта ғасырларда француз тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тіршілік еткен орта ауқымында, жан-жақты мінездейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты қамтитын көлемді эпикалық шығарма. Роман жанрының басталуы ежелден бері, орта ғасырдан өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Акулейдің «Дафнис және Хлоя», Петронидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эменбахтың «Тристан мен Изольдасында» романның кейбір элементтері болғаны айтылады. Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармаларда романға лайық мазмұндық және формалықшарттарды табу қиын. Романның нақты көрінуі қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады. Ол кезде роман жекеленген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпостар секілді еді. Эпоста көсемдер әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар тур. баяндалады. Эпоста кейбір тарихи оқиғалар өзек болса романда автор кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтыса, роман өз кезеңінің нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады. Роман кейіпкерлері негізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп ол кейіпкерлер арқ жалпы қоғамдық әлеуметтік өмірдің сыр сипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантес, Бальзак, Флобердің, Стендаль, Диккенс, Толстой, Тургеневтердің романдарында кейіпкерлер арқ заманнің қоғамнің терең қатпарлары ашып көрсетіледі. 18ғ роман екі бағытта, 1әлеуметтік тұрмыс, 2психологиялық бағытта көрінді. 18-19ғ әдебиеттің романтикалық характерлері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетілді. Скотт, Гюго, Гоголь романдары бұған дәлел.