Ағартушылық реализм

РЕАЛИЗМ — көркемдік әдіс, яғни нақты өмір құбылыстарын көркем шығармашылықтың өзіне тән бейнелу құралдары арқылы шыншылдықпен суреттеу тәсілі. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік пошымы алуан түрлі болып келеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе - болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелеу, өмір шындығын айнытпай кескіндейтін керемет картина, ғажайып образдар жүйесін жасау екені мәлім. Реализм әдістерінің мүмкіндігі мол, түрлері көп болғанымен ол шексіз емес. Көркем шығармашылық нақты болмыстан, өмір шындығынан алшақтаған жағдайда Реализмге орын қалмайды. Реализм әр түрлі тарихи-қоғамдық жағдайда, ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты туып қалыптасады. Сондықтан, оның дамуы барлық жерде бірдей болмайды.
Театр өнерінде ағартушылық Реализмі 18 ғ-да Англияда Т. Беттертон, Дж. Гаррик, Россияда И.А. Дмитревский, Польшада В. Богуславский сынды актерлер шығармашылығынан керініс тапты. Россияда 19 ғ-да сахна өнеріндегі Р. негізінен А. С. Пушкин, А. С. Грибоедов, Н. В. Гоголь, кейінірек А.Н. Островский, А.В. Сухово-Кобылин, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов драмалары арқылы дамыды. Пушкин мен Гогольдің эстетикалық принциптері ұлы орыс актері М.С.Щепкин шығармашылығына негіз болды. Ол ағартушылық Р-інің классицизммен байланысты тар аясынан шығып, тұңғыш рет сахналық образға енудің принциптерін жүйелі түрде жүзеге асырды. Орыстың сыншыл реалистік драмасы негізінде ең әуелі Москва қаласындағы Кіші театрда (Садовскийлер, Л.П.Косицкая, И.В.Самарин, Г.Н.Федотова т. б.) және Петербург қаласындағы Александрин театрында (И.И.Сосницкий, А.Е.Мартынов, В.В.Самойлов, кейінірек М.Г.Савина т. б.) реалистік мектеп актерлерінің бүтін бір толқыны өсіп шықты. Орыстың сахналық Реализмі романтизмнен бірден қол үзе алған жок,. 19-20 ғ. аралығында орыстың ұлы трагик актрисасы М.Н. Ермолова мен көрнекті актер әрі режиссер А.П. Ленский шығармашылығынан романтикалық сарын байқалып келді. 19 ғ. театрында Реализмнің қалыптасуы кейіпкер бейнесін жан-жақты, нанымды жасауға бағышталған актер шығармашылығындағы тәсілді өзгертумен бірге, сахнадағы әлеуметтік нақтылы-тарихи жағдайларды көрсету барысына бетбұрыс жасады. Реализм тенденциясы (табиғат пен тұрмыстық көріністің жанды суреттері, адам мінезінің психол. нақтылы сәттерін бейнелеу) Қайта өркендеу дәуірінің өзінде-ақ пайда болып, барокко мен классицизм музыкасында өркен жайды.