Тарихи жырлар
Х!Х ғасыр әдебиетіндегі өзгеше үлгінің бірі тарихи өлең, тарихи жыр. Бұл жырлардың тууы сол тұстағы қазақтың ел тарихы, отаршылдық саясатпен байланысты болды. Х!Х ғасырдағы халық тарихының көп шындығы, көп ақиқаты сол тарихи өлең, жырларда сақталып қалды, қазақ көркем сөз өнерінің мың түрлі мүмкіндігі сол тұста сан қырынан ашыла түсті.Қазақтардың өмір тарихының айқын ізін ең әуелі оның сөз мұрасынан табамыз. Ел басынан өткен қилы кезеңдердің сан-сала қисындарын сақтап жеткізген тарау-тарауаңыз-дастандардың орны бөлек. Олар көркемдік құндылығы өз алдына, тарихи танымда бірінде жаңсақ кеткен, мүлт кеткен ақиқат болса, екіншісі сонымен қайта табыстырар қыруар дерек көзі есебінде де бағалы. М.Әуезов – Х!Х ғасырдағы тарихи жырлардың айқын ерекшелігін ажыратып қарастырудың басында болған зерттеуші. Ел тарихында арғы замандардың аңызы жеткізген алып тұлғалы батырлаодан да жанды, жаужүрек болмысымен жарқыраған жарық нұрымен тірі қалған ұлының бірі – Хан Кене. Әуезов зерттеуінен: «Шынында ел қиялы Кенесарыларды батыр қылып жырлағысы келгені рас. Бірақ батырлар өлеңі бергі заманға жақындаған сайын жаңа өзгеріске түсіп, өмірге жақындап, түр жағынан әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. .... Сондықтан да, Кенесарыларды баяғының батыры қылып, қалай жырлайын десең де, олар көбінесе бүгінгінің адамы болып тұрып алып, кейін қарай шегінбей қойған.». Олай болатын себебі деп, М. Әуезов тарихтың ізі, кешегі қан сойқанның анық түскенін, екінші себеп деп, сол қырғын соғысты көзбен көргендердің жазғанын ел қиялы олардың айтқанынан өте алмағанын айтты. С. Мұқанов «Очерктерде» әдебиет тарихын зерттеудің түпкілікті міндеттерін саралай отырып, Х!Х ғасыр ұлт бостандығы жолындағы күрес батырлары жайлы жыр-дастандардың әдебиет тарихында толық ашылып, зерттелмей келе жатқандығын мәселе етіп қойды. С. Мұқанов Кенесары туралы жыр-дастандардың әдебиет тарихындағы орнына тоқталуында Хан Кененің күрделі дәуірін, көтеріліс барысын, жеке бас күйін нақтылы тарихи деректер арнасында баяндап, қазақ зерттеушілерінің ішінде алғашқы болып Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің саяси мәртебесін айғақтады. С. Мұқанов «Очерктерде» Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Бекет, Жанқожа батырлар туралы жырлардан аса толымды мол дерек берді. Әдеби, көркемдік құндылығын салмақтайды. Р. Бердібаев «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» еңбегінде тоқталып өткен тарихи жырларға. Ш. Уалиханов: «Әдебиетін, жырын халықтың рухани серігі етіп сақтап келген қазақтар ең алдымен тарихи жырларға ерекше мән берген. С. Қирабаев: Ағыбай батыр туралы жырлардың ерекшілігін саралай отырып : «мұндай жырларда адамдар тек өмірде болағн күйінде емес, өмір шындығына сыйымды түрде қоспалармен әрленіп, қиялмен толықтырылып, жаңа таныс-бейтаныс бейнеге айналады». Академик Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихы мәселелері»(1958) еңбегінде тарихи жырларға арналған «тарихи поэмалар» тарауы бар. С. Қасқабасовтың «тарихи жырлардың зерттелуі мен жанрлық сипаты» зерттеуінде Ш. Уалихановтың еңбегінде «историческийджир» деген қолданыс кездесетіндігіне назар аудартады. С. Сейфуллиннің 1926 жылы шыққан Жанқожа батыр туралы өлең-жырларды «Жаңа мектеп» журналында жариялағанын , 1932 жылы «қазақ әдебиеті» оқулығында тарихи жырлардың өзіндік ерекшілігіне көңіл бөлгенін айтады. С. Қасқабасов М. Әуезовтың тарихи өлең мен тарихи жырды бір деп қарағанын, Қ. Жұмалиевтің де тарихи жырды өзіндік жанр деп бөлгендігін , кейінде Ысмайыловтың да тарихи жырды жеке жанр ретінде танығанын, Н. Смирнованың «тарихи эпос» қазақ фольклорының дербес жанры, тарихи жыр екіаралық жанр деп, тарихи өлеңді бөліп қарағанын келтіре отырып, тарихи жырдың ғылыми негіздемесін бекіте түсті. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқышында»: «Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы сол, тарих жырындағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды. ... Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады» Ә. Қоңыратбаев еңбектерінің «Тарихи жырлар» тарауында тарихи жырларды қазақ фольклорының мазмұны бай, келелі салаларының біріне жатқызды. Тарихи жырлар жайлы зерттеушілер тұжырымдарды ілгеріде аталған еңбектерден басқа В.Радлов, Ә. Диваев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншалиев, Б. Уахатов, С.Сауырбаев, Ж. Тілепов, Б. Рахымов,Ә. Тарақ, С. Сәкенов т.б.ғалымдардың ғылыми өрісінің бір қыры болды. Ә. Тарақовтың «Өлең толғаулар және тарихи жыр дастандардағы Абылай хан тұлғасы» атты канд.дис. бар. Сонымен, Х!Х ғ. Тарихи жырлар сол ежелгі әдеби әдістің де, кейінгі ортағасырлық түрік эпосының жаратылысының да , кейінгі дәуірлеріндегі батырлық эпос, тарихи өлең-жырлардың да даралық сипаттары дарыған көркемдік құрылым.Тарихи жырлар. Тарихи жырлар негізіне өмірде анық болған әлеуметтік, саяси оқиғалар алынады.Ол уақыт өте келе тарихи сипат алады.Қалай болған күнде де айтушы,шығарушы үшін тарихи өлең материалы өткен кезең істері емес, замангдастарды толғантқан құбылыстар болып саналады. Аталған жанр туындыларын тексеру үшін 3 мәселені – тарихи өлеңнің қашан туғанын, оның қандай нақтылы жағдайда дүниеге келгенін,бұл процестің нендей формада жасалғанын есте тұту керек дейді Б.Н.Путилов.Қазақ ауыз әд-гі тарихи аңыздар,әңгімелер,өлеңдер мен жырлар өткен ғасырда-ақ жинаушылар мен зерт-дің назарын аударған.Солардың ішінде В.радлов,И.Березин, Г.Потанин сияқты ғылымға қалтқысыз қызмет етіп, қазақ фольклорын зерттеуге көп еңбек сіңірген қайраткерлерді бірінші кезекте атаған жөн. Әсіресе халқымыздың ұлы перзенті Ш.Уәлиханов еңбегін айрықша атау қажет. Ол қазақ фольклорында тарихи аңыз бен әңгіме-.ң бар екенін 1-ші байқаған зерттеуші. Тіпті ол тарихи жыр деген терминді қолданған.Демек ол тарихи жырды батырлыркеқ эпостан өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар жанр деп білген.Қазақ ауыз әд-нің барлық жанрын жинап, жарыққа шығару ісінде аса көп еңбек сіңірген ғалымның бірі-В.В.Радлов.Ол өзінің атақты 10 томдық жинағының 3 томына қазақтың бірнеше тарихи жырын енгізген. Бірақ Радлов тарихи жырды жеке жанр ретінде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды ды, тарихи жырды да “Қазақтың бұрынғы батырлары тур. Сөз”деп атаған. Тарихи өлең мен тар хи жырды совет заманында фольклористикасы тархынан бөліп қарауға болмайды. Бұл жанрларды кең түрде жинап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі шын мәнінде тек совет дәуірінде қолға алынды.Бұл тұста бүкіл қазақ фольклористиксының негізін қалап, дамытуда орсан зор ролі бар М.Әуезов, С.Сейфуллин,С.Мұқанов сынды аса көрнекті жазушы-ң еңбегін атау керек. Мәселен, “Тарихи өлең” терминін жүйелі түрде зерттеген М.Әуезов болды. Ол өзінің қазақ әд-не арналған алғаш еңбектерінің бір бөлімін “Тарихи өлеңдер” деп атаған да, оған Исатай,Махамбет, Бекет батыр туралы жырларды енгізген.М.Ә. Л.Соболевпен бірге жазған Қазақ халқының эпосы мен фольклоры атты еңбегінде тарихи жырдың сипатын ашып берді, сондай-ақ бұл жанрдың шығу мерзімін, қалыптастыру процесін айқындайды. Тарихи жыр туралы С.С. де жазған ол 1926ж. Жанқожа туралы жыр мен өлеңдерді жариялайды. Арнайы зерттеген- Қ.Жұмалиев.Бірақ ол тарихи жырды кейде тарихи поэма деп атап, терминді атауда дәлдіктен біраз ауытқып кеткен.Әйткенмен де Қ.Ж. тарихи жырдың өзіндік жанр екендігін аңғарып, батырлық жырдан өзгешелігін көрсеткен. Е.Ысмайылов тарихи жырларды 4 кезеңге бөледі:1)орта ғасырда 2)18ғасырда 3) 19ғасырда 4)20ғасырда туған шығармалар.