Композиция элементтері
Композиция – әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен- кішілі бөлім- бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуының бас-аяғы жеке тарауларының жинақы келуі жекелеген бөлім-бөлшектің орынды жалғасуына байланысты. Л.Толстой көлемді шығармада алдымен үлкен ірі бөлімдер пропорциясы, өзара қатынас байланысы ұтымды мағыналы болу деген пікір айтады. Әдеби шығарманың композициялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді суреттелетін жағдайларды кейіпкерлердің іс- әрекетін талғап таңдай білу оларды екшеп сұрыптай алу қисынын тауып қиюластыра білу бұл жазушының қай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып ақ-қарасын ажыратып не нәрсенің маңызды екенін түсіне білуінде. Композицияның көркемдік қуаты- әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса,нені қай тұста не айту, әр түрлі жағдай уақиғаның қайсын бұрын, қайсын кейін баяндау керек екенін пайымдаудың үлкен мәні бар. Композициялық тәсілдер алуа түрлі. Солардың ішінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа баяндаушының атынан айтылуы немесе шығармадағы кейіпкер көзімен көрген қалпында алып соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
51. Лирика жанрлары.
Көркем әдебиеттің сыр-сипаты өзгеше жанрының бірі-лирка. Өйткені,кейіпкердің көңіл күйі,жан дүниесі көркем туынды да осы жанр арқылы ашылады. Адамның,кейіпкердің сезім серпілісі, мұң-намысы,қуаныш-қайғысы да осы жанр,лирика арқылы әр қырынан ашылады. Лирикалық туындының бас кейіпкері-ақынның өзі.Мұны әдетте лирикалық кейіпкер деп атайды. Өлеңің әсерлілігі мен оқырманның сезім түйсігіне жасайтын ықпалы осы лирикалық кейіпкердің таным-сеніміне, көңіл ауғанына байланысты... Өлеінің лирикалық кейіпкері-туған дерін,елін сүйген,өзін елінің ажырамас бір бөлшегі санаған жөн. Ол өзінің балалық бал дәурені өткен туған жерін аңсайды, оның топырағын анасының аялы алақанына балайды. Ол үшін атамекеннің тасы да қастерлі, алаулаған асапаны да аяулы. Ол туған жеріне “сағынышымды қанат қып саған қарай, балапандай талпынып ұшамын мен” десе, біз бұл сезімнің пәктігіне шынайы сенеміз. Өлеңді оқи отырып, оның сағынышын өз сағынышымыщдай қабылдаймыз.Онымен қоса, іштей біз де тебіреніп, толғанып, сағынышын бөлісіп, Мен ел кезіп кетермін отансыздай,үмітіңді ақтауға жарасамын деп ел алдындағы жауапкершілікті бірге бөліскендей күйге түсеміз. Бұл шынайы поэзия құдіреті. Лирикалық өлеңнің күші де осындай әсерлілігіндеғ сезіміңе от тастап, оятатын сиқырлылығында, шынайылығы мен суреттілігінде. Лириканың негізгі жанрлары- ода(мадақ өлең), ән өлеңі,арнау,элегия, сонет,сатиралық лирика т.б. Л-лық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап,жіктеуге де болады.Мәселен,қоғамдық –әлеуметтік саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылғанды пәлсапалық лирика,ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық әйтпесе интимдік лирика, сондай-ақ табиғат лирикасы деп талдап- таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс.