Әңгіме жанры

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар.
Ұзақ поэманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшаң тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарауға станок жанында оқуға, қалтаға салып жолға алып шығуға болар еді. Ірі жазушылар көркем әңгіменің классикалық үлгілерін туғызған. Мысалы Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесіне тоқталсақ, аса шебер жазылған бұл әңгіме арқылы Майлин белгілі бір дәуірдің кезеңді, кесек шындығын алдымызға жайып, ескілік құрбаны болған қазақ қызының бедерлі бейнесін жасады. Міне, Ыбырай Алтынсариннен басталатын әңгіме жанрын Майлин жетілдіріп, 20-30ж Әуезов пен Мүсірепов жасаған классиалық үлгілерге ұштастырды. Қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің небір керемет үлгілері бар. Солардың бірі «Қорғансыздың күні» Әңгіме аса әсерлі табиғат суретіенен басталады. Бұл әңгіме Октябрь революциясынан бұрынғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыртереңімен қопарып әкеліп, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі азап пен ауыртпалықты шыншылдықпен әсерлі жаяды. Және де бұл саладағы Ғ.Мүсірепов туындыларына соқпай өте алмаймыз. «Талпақ танау» колхоз тақырыбына арналған әңгіме. Негізінен баяндау тәсілімен жазылатын бұл жанрда ылғи суреттеу бола бермейді. Ана циклнде жазған Мүсіреповтың әңгімелері көркем. Әңгіме белгілі бір шындықты таныту үшін жазылады. Онда ой және сөз кедейлігі болмауы тиіс, алайда оқиға желісі қысқа болады.
Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған