Роман туралы түсінік

Жазба әдебиеттің сындар дәуірінің дарынды сөздерін  А.Байтұрсынов үш топқа бөліп қарайды, олар: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Бұлар қазіргі әдебиеттану тұрғысынан айтқанда – эпос, лирика, драма. Әуезенің түрлері былай бөлінеді: 1) Ертегі жыр; 2) Тарихи жыр; 3) Әуезе жыр; 4) Ұлы әңгіме (роман); 5) Ұзақ сөз; 6) Ұзақ әңгіме; 7) Көңілді сөз; 8) Мысал; 9) Ұсақ әңгімелер.
Бұлардың ішінен зерттеуші "Ұлы әңгіме, яғни роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз” деген анықтама жасайды да, жанрдың негізгі белгілерін тұтас түгелдеп береді.
Роман тақырыбы, уақиға және уақыт, ұлы істер мен кіші істер, шиеленістер, тартыстар, амал-әрекеттер, мінездің іштен туатындығы, оның өзгеруіндегі үй-іші, мектеп, төңіректің ықпалы деген мәселелерді айта келіп, ақырында автор негізгі ойын кейіп (тип), кейіпкер (герой) проблемасына орайластырып, ақырында: "Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірі-ұсақ істері болғандықтан, ол істері біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып, байланысып жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес”, — деген роман жанрының табиғатын ашатын терең ой қорытады. Қазақта әлі ұлы әңгіме жоқ деп келіп, Міржақыптың "Бақытсыз Жамалын” өресі мен өрісі шағын болғандықтан ұзақ әңгімеге жатқызады. Ұсақ әңгіме ретінде Мұхтардың "Оқыған азамат”, Ысмағұлдың "Қалайша кооперация ашылды”, "Автономия”, Міржақыптың "Қызыл қашар”, Бейімбеттің "Айт күні” шығармалары мысалға келтіріледі. Әуезе жыр үлгілері қатарында Мұхаметжанның "Топжарған”,  Шәкәрімнің "Жолсыз жаза”, "Қалқаман - Мамыр”, Мағжанның "Батыр Баян” (кітапта "Батыр Баян” деп жаңсақ берілген), ал аңыз ретінде Мағжанның "Қорқыт”, "Орман патшасы”, Пушкиннің "Данышпан Аликтің ажалы”, Абайдың "Ескендір” туындылары берілген
.Орта ғасырларда франсуз тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тіршілік еткен орта ауқымында, жан-жақты мінездейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты қамтитын көлемді эпикалық шығарма. Роман жанрының басталуы ежелден бері, орта ғасырдан өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Акулейдің «Дафнис және Хлоя», Петронидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эменбахтың «Тристан мен Изольдасында» романның кейбір элементтері болғаны айтылады. Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармаларда романға лайық мазмұндық және формалықшарттарды табу қиын. Романның нақты көрінуі қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады. Ол кезде роман жекеленген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпостар секілді еді. Эпоста көсемдер әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар тур. баяндалады. Эпоста кейбір тарихи оқиғалар өзек болса романда автор кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтыса, роман өз кезеңінің нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады. Роман кейіпкерлері негізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп ол кейіпкерлер арқ жалпы қоғамдық әлеуметтік өмірдің сыр сипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантес, Бальзак, Флобердің, Стендаль, Диккенс, Толстой, Тургеневтердің романдарында кейіпкерлер арқ заманнің қоғамнің терең қатпарлары ашып көрсетіледі. 18ғ роман екі бағытта, 1әлеуметтік тұрмыс, 2психологиялық бағытта көрінді. 18-19ғ әдебиеттің романтикалық характерлері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетілді. Скотт, Гюго, Гоголь романдары бұған дәлел