Айшықтау тәсілдері

Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес,әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл айшықтау немесе фигура.( лат.ф. келбет,бейне) сөз тіркестерін дағды синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен,айрықша айшықпен құру.Мұндағы мақсат біреу ақ сөздерге ерекше екпін,тыныс беру,сөйтіп олардың оқырманға әсерін күшейту.Түрлері: арнау-адамның немесе ақынның өзіне не өзгеге кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы,көпшілікке қайрыла сөйлеуі олармен іштей кеңесуі.Арнауды А.Байт үш түрге бөлген: Жарлай, сұрай, зарлай арнау.
1)жарлай арнау-ақын жеке адамға емес,жалпы жұртқа қайрыла сөйлеп,жеке адаммен оңаша емес жалпы жұртпен жария кеңескен.Мысалы Абайдың «Қалың елім қазағым қайран жұртым» Ы.Алтынсариннің «Кел балалар,оқылық» С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасының «Кілт»бөлімінің бас жағы түгелдей жария арнауға жатады.
2)Сұрай арнау жазушы,ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан,сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Желіні толған сары түйе
Ағажан кімге тапсырдың
Қора толған ақта қой
Ай,көке кімге тапсырдың?Қобыланды батыр жыры
Сұрай арнаудың бір түрі риторикалық айшық (грекше ділмар,шешен) арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді өйткені олар еш жауапсыз ақ түсінікті,арнаудың өн бойында анықталып жатады.Мыс:Махамбеттің «Орай да борай қар жауса»Абайдың «Балалық өтті білдің бе?»
3)Зарлай арнау қаһарман көпшілікке не біреуге немесе басқа бір нәрсеге қайрыла сөйлегенде өз басының ауыр хал,қиын жағдайын өте зарлы мұңды түрде баяндайды.З.а. монолог түріде кездеседі.
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы
Жылқысын көптігінен баға алмайды
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды.