Сатиралық пафос
Сатира терминінің шығу тарихын,этимологиясын әркім әрқалай түсіндіреді.Кей ғалымдар ежелгі гректержүзім шарабының табынушысы Дионистің ән салып,би билеп жүрген жол серіктерін «Saturos» деп атаған. «сатира»атауы сол сөзден шыққан.Басқа ғалымдар латынның «смесь» араласәр нәрсенің қосындысы, анау-мынау деген сөзінен басталады.Кейінірек Рим әдебиетшілер сынап-мінеушілерді,әшкерелеу сипаты бар шығармаларды «Сатира» д.а.Қазір бұл термин түрлі мағынада қолданыла береді.Біреулер әдебиеттің бір тегі деп түсінеді.1941жылы шыққан «Шетел тілі сөздігінде»: «Сатира-болмыстың жағымсыз құбылыстарын иащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі» Сатираның қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез бен әдеп, құлықтардыкүлкіге жығу,келемежге айналдыру сынды ниетпен жазылатыны жайлы пікірлер бір арнаға саяды.Ақын жазушылардың шығ бастан-аяқ күлкілі сатираға негізделген,сықақтық пафоспен жазылған таза сатиралық шығ әдебиеттің дербес бір тегін құрайды.Өйткені оларда өмірді зерттеп білудің,суреттеп берудің өзіндік эстетикалық прициптері көркемдік әдістерң қолданылды.Сатирада ащы кекесін,күлкі ету,мазақ қылу,жоққа шығару,үкім айту тенденциялық пен қатаң әділдік,лирикалық сезіммен ғылыми талдау тоғысып жатады.І.Жансүгіровтың «Сары ала қыз пәтуасы» бөлімінде Шамалтай,Есентай,қажылар осылайша сатиралық әдіспен сүмірейте суреттелген.Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі»Жұман бай,Күрең көз қажытөңірегінде де талай сатира жүр.Сатира әшкерелеу пафосымен жазылған көркем шығарма.Сатира жанр түрінде де көріне алады.Қазіргі кезде фельетон,мысал, сықақ әңгәмелер сатиралық роман,повесть деп жүргеніміз сатираның жанрлық көріністері.З.Қабдолов: «Сатираны да жанр деп тануға болады»Сатираның көркем-публицистикалық жанрларына:Фельетон,памфлет; ал көркем прозалық жанрларына:сатиралық әңгіме, Құлиясовтың «Жарықтық тартынбайды» «Қара қалпақ» «Соңғы үкім» юморлық әңгіме,Е.Домбаевтың «сыйлық»сатиралық повесть,Е.Домбаев «Атылған қыз туруалы аңызда» «Жаман жәутікті ұсынды»сатиралық роман жатады.