Шығармашылық процесс кезеңдері

Шығармашылық процесс кезеңдерін нақтылап алу үшін, негізгі әдебиет ретінде А.Г.Цейтлиннің «Труд писателя» деген еңбегін басшылыққа аламыз. Бұл еңбек автордың соңғы туындысы. Еңбек негізінен жазушының еңбегі туралы жазылған. А.Г.Цейтлиннің негізгі мақсаты «жазушының бастапқы шығарманы жазам ау деген бастамасымен, оның толық аяқталған текстіне дейін, шығармалық процесінің барлық кезеңдерін ескеру.» Бұл кітапта шығармашылықтың психологиялық мәселелері, жазушының тәрбиесі, оның әдеби шығармашылыққа деген дайындығы, сонымен бірге өзіндік жазцшылық еңбегінің мәселелері сөз болады.
Автор шығармашылық процесті мынандай кезеңдерге бөледі:
А)Жазушының қоғамдық бейнесі
Ә)Өздік шығармашылық жолдары
Б)Жазушының психологиялық профилі
В)Өзіндік бақылау, бақылау, тәжірибе
Г)Негізгі ой мен идея
Д)Материал жинақтау


27Интуитивизм эстетикасы
Н.А.Гуляев «Теория литературы» ххғ буржуаздық ортадағы ең танымал, ықпалды бағыттардың бірі болды.Инт негізін салушыАнри Бергсон (1859-19)Оның іргелі еңбектері «Ес және материя» «Шығармашылық эволюция» «Күлкі». Оның ойыншақыл тек адамның нақты практикалық өмірінің ғана серігі.Жан –жағымызда тек ақылмен бағалау әлемнің эстетикалық жағын ескермеу деген сөз дейді.Ал оны тек интуиция арқылы ғана ашуға болады.Интуитивтік сезімнің рационалдық сезімнен өзгешелігі улитарлық мақсаттарды көздемейді,өмірді тұтастай қарайды,заттардың индивидуалдық қасиетіне ерекше назар аударады.Бергсонның ақылдан бөлек қараған инт көркем шығармашылыққа апарар жолы туынды жаза алатын адам утилитарлық көзқарастардан ада күнделікті күйбең тіршілікті ескермесе ғана оған қайталанбас әсемдік әлемі ашылады. Бергсонның көзқарастарын итальяндық философ эстетик Бендетто Кроче жазған. Шығармашылық жеміс тек инт.сезімнің қайталанбас нақты жеке қасиеттерін тануға мүмкіндік ашып оларды образға айналдырады. Кроче әрбір көркем туындының даралығын екшелеп жанрларға бөліну, стиль әдеби ағымдардың дұрыстығына күмән келтіреді. Барлық инт.р сияқты Кроче өнер мен моральді қарама қарсы қояды. суреткер моральді саяси шындықты уағыздаушы емес. Шығармаға эстетикалық баға бергенде оның идеялық жағы ескерілмейді. Көркем образ тек эстетикалық қызмет атқарады. инт. эстетикасында үлкен ақау барына қарамастан құнды жағы да бар. Ол эстетикалық таныммен қабылдаудың спецификасын анықтауға деген талпыныс. Бергсон мен Кроче өнер ғылымға қарағанда құбылыстың сезімдік формасынан аттап кетпейді дейді.