Көркем әдебиеттің қоғамдық сипаты.
Танымдық сипат жағынан алсақ әдебиет бұрын соңды тарихтан ұшан теңіз мағлұмат беріп, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың ой қиялын, арманын. сана сезімін дамытады. Заман, дәуір тұлғасы, адамның тұрмыс халі әдет ғұрпы мінезі әдебиеттен жан жақты толық аңғарылады.Әр адамның басқан қадамы, атқарар ісі қоғамдық жағдайға байланысты, соның көрінісі. Әдебиет адамдардаң осы қалып болмысын көркем әдіспен бейнелейді. Әдебиеттен өткен заман, бүгінгі өмір келешек туралы ой тұжырымдарды да мол табамыз. Осының бәрі көркемдік ойлау тәсілмен шебер суреткерлік биік эстетикалық талғаммен ұштасып жатады. Бұл әдебиеттің айрықша көркемдік мәнділігін танытады. Адамның арман тілегін әділдік адамгершілік еркіндікке ұмтылуын уағыздай отырып әдебиет үлкен өнегелік тәрбиелік міндет атқарады. Адамды жамандықтан безініп, жаөсылыққа ізгілікке адалдыққа бой ұруға үйретеді. Әдебиет адамдардың бір бірімен қоғамдық қатынасын бейнелейтін болғандықтан жазушы қоғам өмірінен тыс қала алмайды. Әрине өркениетті қоғамда әдебиет пен өнер оның ең алдымен адамдардың қоғамдық ісін, қоғамдағы орнын алдыңғы қатарға қою керек. Сондықтан да әдебиет халықтың еңбекші қауымның мүддесін көздеп, соның қамын жейтін арманын жақтайтын өнер болуға тиіс, ал мұның өзі көркем туындылардың сапасы жоғары болуын талап етеді. З.Ахметов.