Әдебиеттің эстетикалық мәні.
Аристотельдің «Поэтикасы»күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялықэстетикалық трактат. Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы өнердің мақсаты ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы адамның мңнезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Әдебиет пен өнерді материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан тереңірек аша түсуде орыстың ұлы революционердемократтары В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов еңбектерінің атқарған ролі айтқысыз. Революцияға дейін қазақ әдебиетінде эстетиканың және әдеби сынның өз алдына дербес сала болып жүйеленбегені рас. Дегенмен біздің халқымыздың бұл жағынан алғанда атам заманнан келе жатқан эстетикалық пікірі барлығын айқын көре аламыз. «Өнер алдықызыл тіл» дегенде қазақ халқы сөз өнерін жете танып, өте жоғары бағалаған. Қазақтың ағартушыдемократы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтар халқымыздың рухани дамуында жаңа саты болғаны белгілі. Бұлар қазақ халқының бұрынғысы, бүгінгісі, болашағы туралы терең пікірлер толғап, тың тұжырымдар жасап кетті. Ш.Уәлиханов қазақтың ауыз әдебиеті жөнінде орыстың революцияшыл демократтарының көзқарастарымен қабысатын пікірлер айтты. Көркем сөз жөнінде Ы.Алтынсариннің да бірсыпыра пікірлер айтып кеткені белгілі. Ол Торғайда мұғалім болып жүрген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеп, көркем сөздің әсер етушілік күшқуатына айрықша көңіл бөледі. Данышпан Абайды эстетикалық тұлғалы жүйе жасады деп айта аламыз. Зор өкінішті нәрсеАбай күнделік жазбады, кімдерді оқыды, кімдерден қалайша үйренгені туралы дерек аз. Кімнің эстетикасына еліктеп, оны өзіне үлгі тұтқанын айқындау оңай емес. Бірақ соның бәрінің есесіне Абай тастап кеткен үлкен документ бар. Ол данышпан ақынның өлеңдері мен қара сөздері. Соларды назар салып оқысақ, Абайдың эстетикасы В.Г.Белинскийдің эстетикасымен түгелдей қабысатынын көреміз. Белинскийдің эстетикалық бес принципі бар.