Сыншыл реализм. Реализм( лат realis-заттылық, шындық) –әдеби
Сыншыл реализм. Реализм( лат realis-заттылық, шындық) –әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында нақтылық сипат белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құб-н, маңызды қоғамдық мәселелерді,күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайларды мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмір-ң қайшылықтарын терең ашып көрсетуді қарапайым адам-ң бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларда көңіл аудара, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қасиеттерін мойындайды. Реалистік әдіс орыс әд-де Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің Евгений Онегин Капитан қызы романдары бар. Қазақ әд-де реализм әдісі Абай поэзиясында жоғарға сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әд-ң ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев,М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп,дамыта түсті.Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды,адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде әрине, мұны оған алға ұмтылудың, алыс арнаға, асқақ қиялға бой ұрушылық жай деп түсіну дұрыс болмайды.