Әдеби ағым, бағыт, мектеп
Әдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Көркем шығармада қолданылатын шығармашылық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысып жатқан осы бір мәселеге қатысты ХХғ. Басындағы қазақ әдебиетінде қандай ағымдар мен бағыттардың болғанына, оны сол тұстағы және кейінгі әдеби ой-пікір қалай танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі дәуірдегі ақын-жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады. Академик З. Қабдолов «Сөз өнері» монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстырып, түсінік береді: «Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының дара қасиеті болса, ағым - әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті болса, ағым әр жазушының әдеби бағыты; Ғалымның осы пікірінде ғылыми тұжырымдалған шындық бар. Бізге де керегі осы ұғым «әр жазушының әдеби бағыты». «Ағым», «бағыт», әдебиет теориясына қатысты еңбектерде түрліше құбылып, әрқилы ұғындырылып келеді. Ағымды бірде әдеби әдіске апарып тілесе, бірде бағыттың бір бөлшегі іспетті қарастырады. Енді бірде екеуі – «бағыт» пен «ағым» тектес ұғымдар ретінде танылады. Әдеби мектептің дәстүрлі өзгешеліктерін айқындауда бірнеше межеге жүгінуге тура келеді. Шығармашылықтағы басты сарындар мен негізгі оқиғалық желілер; олардың лексикалық құрам, баяндалу тәсілдері, жасалу әдістері – яғни, сөз қолданыс, өлеңдік құрылым, өлшем, өлеңдік түр, жанрлық құрам, т.б.ауқымындағы айқын, тұрақты дәстүршілдік. Мақам, сөз саптаудағы, өлең туу, қалыптасу, жасаудағы тәсілдердің даму жолдары жекелеген әдеби мектеп аясы мен ауқымында зерттеліп танылады. М, Абай мектебі, жыраулық мектеп, т.б.
15. Әдебиеттану және өнертану салалары. Өнер түрлі болады. Көрнек өнері 5 тараудан тұрады. 1. Тастан, кірпіштен я басқа заттан сәнін келтіріп, сарайлар салатын сәулет өнері. 2. Балшықтан я металдан құйып, тастан, ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сынбатын келтіріп жасайтын сымбат өнері. 3. Түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, кескін-келбетін келтіріп көрсететін кескін келбетін келтіріп көрсететін кескін өнері. 4. Әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсірелейтін, ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады 5. Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шамаларынша сөз өнері атқара алады. қандай сәулетті сарай болсын, қандай әдемі яки кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: ақыл, қиял, көңіл. Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Бір нәрсе турасындағы пікірімізді яки қиялымызды көңіл-күйімізді сөз арқылы жақсылап айта білсек, сөз өнері шығады. Сөзді шығару үшін көп өнерді қажет етеді.