Картопты рулет салатын жасап үйренейік
Картопты рулет салатын жасау аса қиындыққа соқпайды және көп уақытыңызды алмайды. Ол үшін сізге:
— 4-5 картоп;
— көк бұршақ;
— шұжық;
— 4-5 карнишон қияры;
— 2 жұмыртқа;
— аскөк керек.
Дайындау жолы:
Картоптарды ашып, тұзды суға пісіріп алыңыз. Піскен соң (артық суы болса төгіп тастаңыз) жарты құты сүт пен бір ас қасық сары май қосып, езбе жасаңыз. Жұмыртқаларды пісіріп алыңыз. Жұмыртқа, шұжық пен карнишондарды төртбұрыштап тураңыз. Арнайы үлдірге картоп езбесін салып, жайыңыз. Картоптың үстіне бұршақ және алдын ала туралған өнімдерді қойып, рулет етіп үлдірге ораңыз. Сосын тоңазытқышқа кем дегенде бір сағатқа қойып қойыңыз. Картоп пішінді жақсы ұстауы керек. Аскөкті майдалап тураңыз. Енді рулетті аскөкке малып, тілімдеп кесіңіз.
"Денсаулық" журналынан