Көркем әдіс туралы
Көркемдік әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылар шығармаларында қолданылатын өмір шындығын суреттеу ерекшелігі соны айқындайтын негізгі принциптер.Бір заманда өмір сүріп,бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ сипат – белгілері аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану,адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады.Көркемдік әдіс әлдеқайда кең мағынада алынып жазушының өмірді бейнелеуде нақты болатын яки болатын өмір құбылыстарын тірек етуімен сипатталады. Көптеген әдеби ағым- бағыттар жиі қолданатын 2 түрлі әдіс бар. Біріші әдіс – романтизм.Орыс әдебиеттерінде және дүние жүзі әдебиетінде жиі қолданылады. К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхельбекер, А.И. Одоевский, Н.В.Жуковский ақындар шығармашылығында мол қолданыс табады.
Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизнің осал кемшілік жақтары байқалады. Орыс әдебиетінде А.С.Пушкин творчествосында қазақ әдебиетінде Абай поэзиясында кең өріс алған көркем әдіс- реализм болды. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең жан- жақты ашуға мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғынып түсінуге ,күнделікті жайларды қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру- бұл реализмнің әдісінің бағалы жағы. Реализм әдебиетте көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық өдеби дәстүрлермен байланыс әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің халықты сипаты арта түсті. Қазіргі дәуірде әдебиетте жазушылардың творчестволық еркіндігіне жаңашылдық ізденістеріне мол мүмкіндік туып отыр.Өмір шындығын жан- жақты терең ашып көрсету үшін әдебиет тақырыбы,идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктері жағынан мейілінше толығып үнемі әр алуан сипат- белгілерімен байи беруі қажет.