Романтизм теориясы.

Романтизм -( роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай ой- қиялмен ұштастырып суреттеу)- әдебиеттегі көркем өнердегі өмірдің жарқын жағымды жақтарын көбірек алып көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Сондай-ақ осындай әдісті қолданған қалыптастырған әдеби ағым әдеби бағыт деген мағынада айтылады. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Соңғы мағынасында романтизм белгілі бір дәуірмен сол кездегі әдеби процеспен нақтылы ақын- жазушылардың творчествосымен байланысты алып қаралады. Романтизм әдісі негізінен алғанда жазба әдебиетінде 19 ғасырда пайда болды. Европа халықтарының әдебиетінде орыс әдебиетінде романтизм нақтылы қоғамдық өмір шындығына романтикалық арман- мұратты қарама-қарсы қояды. Мұның өзін бір жағынан қиялшылдық,күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрған жарқын өмірді аңсау,алға ұмтылу десек, екінші жағынан өз ортасын олқы көріп өз кезіндегі қоғамдық тәртіпті қабылдамау оған наразылық білдіру десек болады. Қоғамдық өмірге сын көзбен қарау орыс әдебиетінде М.Ю.Лермонтов шығармаларынан көрініс табады. байытты. Романтизмнің тиімді ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы қою дұрыс емес. Қазақ әдебиетінде ромнтикалық сарын М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» атты дастанында айқын көрініс тауып өте әдемі әсерлі болып шыққан.
Оның әсері айтарлықтай болып, көркем өмірдің барлық саласын, философияны, тарих және филология ғылымдарын, табиғаттанудың көптеген салаларын, тіпті медицинаны да өзіне бағындырып алды. Бір ғана елдкі болмай,Евромен бірге Американы да жаулап алған романтизм өзіне дейін болған ренесанс, классицизм, ағартушылық сияқты мәд-ң тұтас бір дәуіріне айналды. Романтизм терминінің тарихына, оның мазмұнын ашуға арналған талай еңбектер жазылғанымен де күні бүгінге дейін оның анықтамасының жақсы зерттелінген тарихы бар да қазіргі ой-пікірдің қажетін өтей алатын оның түрлі жақтары күштеп қойылып келді. Романтизмнің таралған уақыты-18ғ. Соңғы жылдарынан бастап 19ғ-ң орта шеніне дейін. Оның шарықтауы түрлі елдерде түрліше уақыттарда өтеді.Романтизмнің ең жақсы дәуірі деп,
Европада үлкенді-кішілі революциялар, ұлт-азаттық қозғалыстары болып өткен 1796-1830жылдардағы кезеңді атауға болады. Бұл революциялардың аралығында саяси тынышталулар, қираған ескі жүйені қалпына келтіруге әрекеттер жасаған, не қауіп төнгенде оны нығайтуға ұмтылған сияқты әрекеттер жасалынған жылдар ұзақ уақыттар жатты. Дегенмен романтизм-француз рев-ң жемісі,өйткені оның түпкі табиғаты,негізі осыны аңғартады. Романтизмге толығырақ анықтама берген-ң бірі жас кезінде Герматидағы романтизмнің Иен мектебі мен байланысты болған Шеллинг еді. Романтик Иенді еске ала отырып Шеллинг: “Тамаша бір уақыт еді...адам рухы барынша ашылып,өзін өмірдегі бар еркіндікке және оның не нәрсе екендігін емес, не істеуге болатындығын сұрауға толық құқылы еді”-деп жазады. Жаңаны, ғажайыпты, өзгешені романтиктер нәрсенің өзінен де, оны қарстыру тәсілінен де көреді. Романтикалық бағдарлау белгілі нәрсенің өзінен де жаңа, әлі белгісіз байланыстар табады.