Әдебиет теориясының пәні.
Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас, бұрын алдымен оның өзін анық танып біліп алған жөн. Біз әдебиеттің теориясы пәніне тоқталмақпыз. Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін жіне оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі пәннің бірі. Әдебиет теориясы пәнінің зерттейтін мәселелері негізінен 3 циклдан тұрады: жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктер жөніндегі ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім. Бірінші циклда шығарманың көркемдік образдылығы, эстетикалық идеал, дүниетаным және әдеби творчествоның өзін тұтастай алғанда- оның халықтығы, шыншылдығы мен шынайлығы жөніндегі ұғымдар қарастырылады. 2-де шығарманың идеясы мен тақырыбы, тип пен характер, сюжет пен композициясы, әдеби тіл мен стиль мәселелері қамтылады. 3-де жалпы көркемдік дамудың тарихтық сипаты , әр дәуірдегі бағыт-бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер талданып тексеріледі. Әдебиет теориясы мәселелері сонау көне дүниеден бастау алады әрі ол Үнді, Қытай, Жапония елдерінде өзіндік дамуды бастан өткереді. Әдебиеттің даму барысында әр алуан әдеби ағымдармен алмасып отыруына орай және олардың көркемдік тәжірбиесін түсіндіруге байланысты әсіресе классицизм, романтизм, реализм алған кезде В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтардың тұсында солардың көзқарастарының жүйесін бейнелейтін әдебиет теориясының мазмұны пәні қалыптасқан.