Әдеби жанрлар туралы түсінік.
2.Әдеби жанрлар туралы түсінік. Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері көркем әдебиеттің салалары. Көркем әдебиет – арнасы кең көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы мағыналық сыйымдылығы көркемдік- сипат- белгілері әр алуан бола береді.Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп- топтауға түр-түрге бөлу үлкен мән береді. Орныққан жүйе бойынша әдеби шығармалар негізінен 3 топқа бөлініп жіктеледі: эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр.Бұлар әдебиеттің 3 үлкен саласы 3 тармағы.
Эпостық жанр. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғаны баяндау арқылы көрсетеді. Уақиғалар кейіпкерлердің іс- әрекеттері өмірдегі болатын обьективті болмыс қалпында алынып, бейнеленеді,жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді.Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр эпостық поэмадан басталады.Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түрі пайда болды.
Лирикалық жанр. Мұнда өмір шындығы адамның әр түрлі құбылыстарды жәй- жағдайларды қалай қабылдап –көрсететінін бейнелеу,оның ой-сезімін алған әсерін суреттеу арқылы көрсетіледі.Лириканың басты сипаты ақынның тұлғасын бейнелеген Өмір құбылыстарын соның көңіл- күйі ой- сезімі тұрғысынан қарап білеміз. Орыс әдебиетінде кең тараған лирикалық шығармалардан элегия, эпиграмма, ода,толғаныс секілді түрлерін атауға болады.Қазіргі поэзияда лирикалық шығармаларды топтап жіктегенде, саяси – әлеуметтік лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы т.б
Драмалық жанрдың ерекшелігі – мұнда уақиғаны баяндау да, болған жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. Шығармаға арқау болатын- өмірлік,тартыс,уақиға, ал уақиғаның барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия,комедия, драма ерте дәуірде қалыптасып театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат белгілермен толықты.Осы 3 салаға жататын әр жанрдың түр-түрлерін де поэма мен романды немесе трагедияны жанр деп аталады.