Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын сараптаңыз.

Жүйе дегеніміз –өзара байланысты бір тектес элементтердің ретті, заңды бірлігі. Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез-келген тілдің фонетикасында «»дауысты дыбыстардың жүйесі», «дауыссыз дыбыстардың жүйесі » деген тақырыптар бар. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысың болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен бір-біріне қарама-ұарсы қойылып топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі.
Құрылымдық, жүйелілік қасиет тілдің синтаксис саласынан да айқын көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер арқылы іске асады. Тіл-тілдесөздердің тіркесуінің атасу, меңгеру, жанасу, қабысу деп аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу тәсілдерінің жүйесін қамтиды.
Тілдік құрылым, тілдік жүйе деген терминдер өзара тығыз байланысты. Бірақ олардың өзара айырмашылықтары бар.
Жүйе болу үшін бес түрлі шарт қажет. Бірінші, бір заттан ешқандай жүйе тумайды. Жүйе болу үшін, бірнеше зат болуы керек. Екінші, ол көп заттың бір тектес болуы шарт. Үшінші, кез келген бір тектес көп зат жүйелі бола берейді. Ол үшін олар белгілі бір тәртіпке келтірілген болуы керек. Төртінші, тәртіпке келтірілген заттардың элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болуы шарт. Бесінші, ол элеметтер бүтінге тәуелді болуы шарт.
Тілдік жүйе дегеніміз –таңбалар жүйесі, элементтер қатынасының жүйесі.
Белгілі бір тілдік элементтер тобын бір жүйе деп санау үшін, оларда синтагматикалық, парадигмалық, иерархиялық қатынастар болуы да шарт. Сонда тілііздің дыбыстық, морфемалық, сөздік, сөйлемдік жүйелері өз ішінде және бір-біріен синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынасқа келулері арқылы біртұтас тілдік жүйе құрайды.
Енді тілдік жүйе(система) мен құрылымның (структура) арақатынасына, айырмашылығына келелік. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жүйе –тілдік элементтердің және олардың қатынастары мен байланыстарының жиынтығына, бірлігіне қатысты ұғым, ал құрылым –тек қатынастар мен байланыстарға ғана қатысты ұғым.
Құралы жүйенің негізгі компоненті, оның ажырамас, мәнді қасиеті. Өйткені құрылы дегеніміз –жүйе элементтерінің ішкі тіні, бір-бірмен байланысы, қатынасы. Бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста тұратын жүйе элементтері жоқ жерде құрылым да жоқ. Жүйенің қарапайымдылғына немесе күрделілігіне қарай оның құрылымы да әртүрлі болады.
Сонымен, тілге құралыдық, жүйелік сипат тән. Тілдік жүйе дегеніміз –тілдік элементтер ен құрылымдардың ретті жиынтығы. Құрылым –жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы. Яғни тілдік құрылым –тілдік жүйенің құрамдас бөлігі.
Ендеше, тілдік құралым, тілдік жүйе деп –бір-біріен байланысып тұрған, тәртіпке түскен біртектес және әртектес тілдік элементтер мен олардың өзара қатыныастарының, байланыстарының жиынтығын айтамыз.